
Жуырда ауданымызға қарасты Ақадыр кентінде бокстан 2007 - 2014 ж. туған жасөспірімдер арасында Қаракесек Кәрсөн Таныбай Батырды еске алуға арналған ашық турнир өтті! Жарысқа Қарағанды және Ұлытау облыстарынан барлығы 130 спортшы қатысты. Аталмыш турнирді Шет аудандық мәслихат төрағасы С.Социал мен Ақадыр кентінің әкімі А.Әбілдин турнирді салтанатты түрде ашып, былғары қолғап шеберлеріне сәттілік тіледі! Жарыстың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы бағалы сыйлықтар, кубок, медаль және грамоталарымен марапатталды.