
Жуырда сәуір айының 28-29 күндері Ақсу-Аюлы ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Ұлы Отан соғысының ардагері Төкей Дүйсекұлын еске алуға арналған дзюдодан Қарағанды облысының ашық турнирі өтті.
Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары О.Стыбаев пен ардақты ардагердің ұлы Нұрлан Төкейұлы сөз сөйлеп, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.
2008 - 2009 жылдары туған жасөспірімдер арасында өткен ашық біріншілікке еліміздің әр түкпірінен 200-ге тарта жас балуандар қатысып, өзара бақсынасты. Бозкілемде жауырыны жерге тимеген небір жас балуандар белдескен сайыс нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы бағалы сыйлықтар мен кубок,медалдармен марапатталды. Айта кету керек, аталмыш ашық біріншілікті келесі жылы республикалық деңгейде ұйымдастыру жоспаралануда.