
Елімізде “1мамыр - Қазақстан Халықтарының бірлігі күні” мерекесі. Бүгін осыған орай, аудан орталығындағы мәдениет үйі алаңында мерекелік шара өтті. Алаң мерекеге сай безендіріліп, аудан тұрғындары үшін төмен бағадағы ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Бұлардан бөлек, жиылған қауым алдымен орталық сахнада “Бәріміз бір тудың астындамыз” атты мерекелік шара басталып, құйқылжыған күй мен мың бұралған бишілердің өнерлеріне кезек берілді. Аталмыш шарада аудан әкімінің орынбасары О.Стыбаев тұрғындарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.