
Шет ауданының қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен өткен
жергілікті атқарушы органдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін
ішкі талдауды жария талқылаудың
ХАТТАМАСЫ
Ақсу-Аюлы ауылы 24.04.2023 жыл
аудан әкімдігі, 1 қабат сағат: 12:00
конференция залы
Төрағалық еткен: Шет ауданы әкімі аппаратының басшысы – Н.М.Төлеуқұлов.
Хатшы: аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы – Ж.А.Асқарбаев.
Қатысқандар: аудандық қоғамдық кеңесінің мүшелері, мемлекеттік мекеме басшылары, квазимемлекеттік сектор басшылары.
Барлығы:15 адам қатысты.
Күн тәртібінде:
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізудің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат»
(Ж.А.Асқарбаев)
Аудан әкімі аппаратының басшысы жиналысты аша отырып, қатысушыларды таныстырып, күн тәртібіндегі мәселенің маңыздылығына тоқталып өтті.
Кездесу барысында мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері анықтаған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды.
Мәселен, «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №197 бұйрығымен айқындалған.
Бұл ретте, «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін құжаттардың бірі медициналық карта болып табылады.
Медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет алуға мұқтаж көрсетілетін қызметті алушылардың ерекшеліктері мен денсаулық жағдайын ескере отырып, мамандардың қарауынан өту қиынға соғады. Бұл ретте 10 күнмен есептелетін зертханалық зерттеулердің қолданылу мерзімі де медициналық картаны уақтылы рәсімдеуді қиындатады.
«Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халыққа тиімді болу мақсатында қажетті ұсыныстар әзірлеп, облыстық басқармаға жолдау ұсынылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат назарға алынды.
Ұсыныс:
Мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына мерзімдерді бұзбай, кестеге сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың барлық кезеңдерін жүргізу ұсынылды.
Шет ауданы әкімі
аппаратының басшысы Н.Төлеуқұлов
Аудан әкімі аппаратының
мемлекеттік-құқықтық жұмыс
бөлімінің басшысы Ж.Асқарбаев