
Кеше аудан әкімі М.Мұхтаров тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға қатысқан тұрғындар көтерген мәселенің басым көпшілігі тұрғын үй, жер мәселелеріне қатысты болды. Өз кезегінде аудан басшысы тұрғындардың арыз-шағымдары мен өтініштерін тыңдап олардың заңдылыққа сәйкес оңтайлы шешім табуы үшін тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізіп, тиісті сала бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.