Бүгін ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып, 29 жастағы Құлсаров Әлібек Елубекұлы тағайындалды.
Жаңа басшыны аудан әкімінің орынбасары О.Стыбаев таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тілеп, үлкен сенім білдірді.
Кұлсаров Әлібек Елубекұлы – 1994 жылы Шет ауданы, Ақсу – Аюлы ауылында дүниеге келген. 2 жоғары білімі бар. 2016 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «машина жасау» және 2018 жылы Болашақ академиясын «құқықтану» мамандықтары бойынша тәмәмдаған.
Алғашқы еңбек жолын 2016 жылы «Шет ауданының құрылыс бөлімінде» жастар ісі бойынша тәжірибе алушы болып бастаған. 2016 - 2017 жылдары аралығында аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар бөлімі бас маманының міндетін атқарушы, 2017-2020 жылдары аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар бөлімі бас маманы. 2020 жылдан бүгінгі жаңа тағайындауға дейін ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі лауазымын атқарып келді.