
Кеше аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат отырысы өтті.
Аталмыш отырыстың күн тәртібіндегі ағымдағы жағдай бойынша көктемгі су тасқыны кезеңіне байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жұмыстары туралы мәселелер қаралды. Осыған орай, атқарылған жұмыстар мен алда тұрған жоспарлар бойынша жауапты бөлім басшылары баяндамалар жасады. Сонымен қатар, аппараттық кеңесті қорытындылаған Мұхит Сайлауұлы кенттер мен ауылдық округтер әкімдеріне және мекеме басшыларына аудан аумағындағы көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарын күшейтуді, жолдардағы су шаю қауіпі бар учаскелер мен су шаруашылық нысандарын бақылауға алуды және көктемгі тазалық жұмыстарын қолға алуды тапсырды.