
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кезекті аппарат кеңесі өтті. Аталмыш отырыстың күн тәртібі бойынша бірінші мәселе көктемгі әскерге шақыру жұмыстарының ұйымдастырылуы қаралды. Сондай-ақ, ағымдағы жағдай бойынша ауданда көктемгі су тасқыны кезеңіне байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстар, аудандағы жылу беру маусымының өту барысы мен БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілетін ақпараттық жұмыс туралы жауапты бөлім басшылары баяндама жасады.
Осыдан кейін, басқа да түрлі сұрақтар талқыланып, жиын соңында аудан басшысы жауапты сала бөлім басшылары мен ауыл, кент әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді.