Ағымдағы жылдың 01 сәуір мен 24 сәуір аралығында ауданның жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы мемлекеттік органдары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмысын жүргізеді

Ағымдағы жылдың 01 сәуір мен 24 сәуір аралығында ауданның жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы мемлекеттік органдары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмысын жүргізеді

Анықтама:
“Шет ауданының экономика және қаржы бөлімі” ММ, “Шет ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі” ММ, “Шет ауданының ТКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі” ММ, “ Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” ММ, “Шет ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі” ММ, “Шет ауданының жер қатынастар, сәулет және қала құрылыстар бөлімі” ММ, “Шет ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі” ММ, “ Шет ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі” ММ, “Шет ауданының құрылыс бөлімі” ММ, “Шет ауданының ішкі саясат бөлімі” ММ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдіктеріне ішкі талдаудың негізгі мақсаты мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстың сапасын арттыру арқылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
​Ішкі талдаулар халық пен бизнестің сезімтал меселесіндегі тәуекелдерді анықтап, оны шешуге бағытталған.
​Аталмыш мемлекеттік мекемелерге қатысты проблемалық мәселелер және ұсыныстарыңыз болса 8-707-241-45-20, 8-702-643-54-00 (WhatsApp мессенджері) ұялы телефон нөміріне хабарласыңыздар немесе zanger.shetaudany@akimat09.kz электрондық поштасына жолдаңыздар.