
Ақсу – Аюлы ауылында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай 16 жастан асқан қыз-келіншектер арасында волейболдан аудандық ашық біріншілік өтті. Айтулы спорт сайысына аудан әкімінің орынбасары О.Стыбаев қатысып, барша аруларды алда келе жатқан мерекелерімен құттықтап, сәттілік тіледі. Осыдан кейін, дүбірлі додада нәзік жандылардан құралған он команда өзара бақсынасып, жоғары өнер көрсетті. Нәтижесінде жүлделі 1-орынды Ақжал кенті, 2-орынды Өспен ауылы, 3-орынды Ы.Алтынсарин мектебі құрама командалары иеленіп, жеңімпаздар мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан мадақтама қағаздары, медальдар және аудан әкімі тарапынан қаржылай сертификаттармен марапатталды.