АҚАДЫР КЕНТІНІҢ ӘКІМІ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ!

АҚАДЫР КЕНТІНІҢ ӘКІМІ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ!

Бүгін Ақадыр кенті әкімі жергілікті тұрғындар алдында атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттері туралы есептік кездесуін өткізді. Маңызды жиынға аудан әкімі М.Мұхтаров, аудан әкімінің орынбасары Д.Кәрсембаев пен сала бөлім басшылары қатысты. Кездесу барысында Ақадыр кентінің тұрғындар тарапынан кент ішілік жол жөнделсе, бала бақша, жаяу жол жүргіншілері жасалса, жарық бағаналары орнатылса деген сынды тағы да басқа жеке мәселелер сұрақтары көтерілді.
Кездесу барысында аудан басшысы алда атқарылатын біршама айшықты жұмыстарға тоқталып, кездесу кезінде туындаған мәселелерге сол жерде түсініктеме беріп, кейбір мәселелер алдағы жұмыс жоспарына алынатынын жеткізді. Есептік жиын соңында аудан басшысы кент тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді.