
Ағымдағы жылдың 23-27 ақпан аралығында Франция елінің Канн қаласында тоғызқұмалақтан Еуропа кубогы өткен болатын. Аталмыш бәсекеге Қазақстан, Франция, Италия, Ұлыбритания және Марокко елінен келген спортшылардан басым түсіп, жерлесіміз Аңсаған Қожанәсіп әйелдер арасында Еуропа кубогында бірінші орынды иеленді. Аңсағанды жаңа жеңісімен құттықтап, биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!