ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

Кеше ауданға қарасты Мойынты кенті мен Киікті және Босаға ауылдық округінің әкімдері атқарылған жұмыстары және алда тұрған жоспарлары туралы тұрғындар алдында есеп беру кездесулерін өткізді. Аталмыш кездесуге аудан әкімінің орынбасары Д.Карсембаев пен сала бөлім басшылары қатысты.
Кездесу барысында Мойынты кенті мен Киікті және Босаға ауылдық округтерінің әкімдері баяндама жасап, алда атқарылатын жұмыстармен таныстырды. Босаға ауылының тұрғындары тарапынан мал дәрігері және мал союға анықтама алу жайында көтерсе, Киікті ауылының тұрғындары жол жөнделсе деген өтініштерін жеткізді. Тұрғындар тарапынан түскен сұрақтар бақылауына алынып, хаттамаға түсірілді.