
Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, ауданның Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы М.Жапаров және аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы О.Төлеубаев аудан аумағындағы су басу қаупі бар елді мекендерді және су қоймаларын аралау жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда Ақадыр, С.Сейфуллин кенттері және Нұраталды, Талды, Красная поляна, Ақой, Батық, Бұрма, Шет, Тағылы, Төменгі Қайрақты ауылдық округтерін және “Таңатбай”, “Красная поляна” су қоймаларын аралап қайтты. Іс-сапар барысында ауылдық округ әкімдіктерінің көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алуға қарсы құжаттарымен танысып, арықтар мен су өткізу құрылыстарының тазалығы және елді мекендердегі қар тазалау жұмыстары тексеруде. Аталған жұмыстар басқа да елді мекендерде жалғасатын болады.