
Жуырда ауданға қарасты Ортау және К.Мыңбаев ауылдық округтерінің әкімдері халық алдында есеп берді. Аталмыш кездесуге аудан әкімі М.Мұхтаров пен аудан әкімінің орынбасары М.Жумкин және бөлім басшылары арнайы қатысты.
Кездесу барысында округ әкімдері баяндама жасап, алда атқарылатын жұмыстарымен бөлісті.
Тұрғындар тарапынан түскен мәселелердің бірқатарына аудан әкімі заңдылықтарға сәйкес жауап беріп, алдағы уақытта жұмыс жоспарына алынып, іс жүзінде іске асырылатынын айтты.