Ақжал, Ақшатау кенттерінің әкімдері есеп берді!

Ақжал, Ақшатау кенттерінің әкімдері есеп берді!

Кеше ауданымызға қарасты Ақжал мен Ақшатау кенттерінің әкімдері кент тұрғындары алдында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы мақсат - жоспарларымен бөлісті.
Аталмыш кездесулерге аудан әкімі М.Мұхтаров және аудан әкімінің орынбасары Д.Кәрсембаев пен ауданның сала бөлім басшылары қатысты. Кездесу барысында кент тұрғындары медицина саласын жандандыру, бұралқы иттерді жою, құрылыс жұмыстарына байланысты өтініш, ұсыныстарын жеткізді. Ал, тұрғындардың жеке сауалдарына тиісті сала бөлім басшылары жауап берді. Кездесу соңында аудан әкім көтерілген мәселелердің назардан тыс қалмай жұмыс жоспарына алып, жеке бақылауында болатынын жеткізе отырып, алдағы уақытта атқарылатын бірқатар жұмыстарға тоқталып өтті.