Алғыс айту мерекесі

Алғыс айту мерекесі

Кеше аудан әкімінің орынбасары О.Стыбаев көктемнің алғашқы күнімен бірге келіп жеткен “Алғыс айту” күніне арналған мерекелік іс-шарада аудан халқына алғысын білдіріп, мерекемен құттықтады.

Шара барысында жыл бойы еңбек етіп, төтенше жағдайлардың алдын алған мамандар, қайырымдылық жасаған еріктілер, білімді ұрпақ өсірген ұстаздар мен адам жанына араша болған ақ халатты абзал жандарға аудан әкімінің "Алғыс хатын" табыстады.
Шара соңы мәдени сауық орталығымен ұйымдастырылған мерекелік концертке ұласып, көктемнің алғашқы күнін тұрғындарымыз көтеріңкі көңілмен қарсы алды.