
Маңызды кездесулерде аталмыш ауыл әкімдері ел игілігіне атқарылған жұмыстарға тоқталып, алда тұрған мақсат – жоспарларымен бөлісті. Айтулы шараға аудан әкімі М.Мұхтаров пен аудан әкімінің орынбасары М.Жумкин, сондай - ақ, ауданның сала бөлім басшылары қатысып, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерге жауап берді.
Жиын барысында Кеншоқы ауылының тұрғындары Шабанбай би көшесіне балалар ойын алаңын орнатып, су ұңғымасын тереңірек қаздырып беруді және ауылға жаңа мәдениет үйі ғимараты керек екендігін алға тартса, Тағылы ауылының тұрғындары төрт түлік малға жайылым жер, ауылды аббаттандыру бағытында бірқатар сұрақтарын қойды. Ал Т.Қайрақты ауылының тұрғындары балалар ойын алаңының қажеттігін және электр бағаналарын жөндеу сынды ұсыныстарын жолдады. Айтылған мәселелерге сол жерде түсініктеме беріліп, кейбір мәселелер алдағы жұмыс жоспарына алынды. Есептік жиындарда аудан басшысы биылғы жылы атқаратын бірқатар жоспарларымен бөлісіп, кездесу соңында тұрғындармен жеке қабылдау өткізді.