Есептік кездесулер жалғасуда!

Есептік кездесулер жалғасуда!

Кеше есептік кездесулер Көктіңкөлі, Батық, Бұрма елді мекендерінде жалғасын тапты. Аталмыш кездесулерге аудан әкімі М.Мұхтаров пен сала бөлім басшылары қатысты.
Есеп беру барысында Батық ауылының тұрғындары электр тоғының тұрақсыздығы, ауыл ішінде қаңғыбас иттердің көптігі туралы шағымдарын айтты.
Бұрма ауылындағы кездесуде де көпшілік ауылдағы электр тоғының жиі сөнуі, жер алу, поезд перроны мен жол белгілері сынды мәселелеріне тиісінше жауап беріп, бұл мәселелердің назардан тыс қалмай, жұмыс жоспарына енгізілетінін жеткізе отырып, аудан басшысы өз кезегінде аудан аумағындағы бірқатар жасалып жатқан және алдағы уақытта жасалатын жұмыстарға тоқтала кетті. Атап айтсақ, Нарбақ - ст.Көктіңкөлі аралығындағы тас жолы өткен жылы біршама шақырымы басталып, ағымдағы жылы осы аталмыш жол жалғасын таппақ, Бұрма ауылының ішкі Сарыарқа көшесі асфальтталатынын, Бұрма ауылдық округіне қарасты Мұхтар ауылына электр бағаналары мен жарық шамдары орнатылатынын және осы есептік кездесу сайын қойылып жүрген ФАП құрылысы басталатынын жеткізді.
Жалпы кездесулерде басқа да мәселелер көтеріліп, кездесулерден кейін аудан әкімі жеке қабылдау өткізді. Кездесу кезінде түскен ұсыныс-пікірлерге нақты жауаптары беріліп, бірқатар мәселелер алдағы жұмыс жоспарына алынды.