Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді!

Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді!

Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров аудан әкімдігі ғимаратында бір топ ауған соғысының ардагерлерін арнайы қабылдап, кездесу өткізді. Шара барысында аудан басшысы ауған ардагерлеріне бүгінде шежірелі өлкемізде атқарылып жатқан игі істер мен алдағы уақытта жоспарланған жұмыстар жайлы әңгімелеп, ардагерлердің бүгінгі қоғамдағы рөліне, олардың ерліктерін жас ұрпақ мақтан ететінін айтып, барша ардагер азаматтарды мерекелерімен құттықтап, естелік сыйлықтарын табыстады. Өз кезегінде интернационалист жауынгерлер жыл сайын әкімдік тарапынан осындай құрмет көрсетіп келе жатқан аудан басшысына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ, емін – еркін форматта өткен алқалы отырыста ардагерлер көкейлерінде жүрген сұрақтарын ортаға салып, нақты, әрі жан-жақты жауаптарын алды. Жиын соңында барша азаматтар ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойып, осыдан 34 жыл бұрын жат жерде жан тапсырған боздақтар рухына тағзым етіп бір минут үнсіздікпен еске алды.