Аймақ басшысының орынбасары ауданымызда!

Аймақ басшысының орынбасары ауданымызда!

Кеше ауданымызда облыс әкімінің орынбасары Б.Асанов арнайы іс-сапармен болды. Сапар барысында аймақ басшысының орынбасары аудан аумағындағы бірқатар шаруақожалықтар мен жеке серіктестіктерді аралап, олардың жұмыс барысымен танысты.
Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі М.Мұхтаров ауылшаруашылығы саласы бойынша аудан әкімдігінде бірқатар шаруақожалық жетекшілерімен кездесулер өткізді.
Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары барлық көтерілген мәселелердің назарға алынып, тиісті қолдаулар жалғаса беретіндігін және салаға ірі инвестициялық жобалар тарту арқылы агроөнеркәсіп кешенін дамытуға болатынын жеткізді. Сонымен қатар, осы жылдан басталатын Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарындағы пилоттық жобаларды іске асыруға ауданнан тауар өндірушілерді қатыстыруды ұйымдастырып, осыған орай жобалардағы қосылу мерзімін қарап, келісіп, шаруашылық бағытын нақтылап, ұсыныс беру керектігін, ол үшін тиісті бөлім алғы шарттарын белгілеп, шаруашылықтарға толық жеткізуі тиістігін және осы жиынның қорытындысы бойынша шешім қабылданатынын айтып өтті. Жалпы кездесулерле
шаруашылық жетекшілері де өздерін толғандырып жүрген мәселелерді ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.