Аудан әкімінің орынбасары тағайындалды!

Аудан әкімінің орынбасары тағайындалды!

Бүгін аудан әкімінің орынбасары болып, 37 жастағы Стыбаев Орал Зәмірбекұлы тағайындалды. Аталмыш әкім орынбасарын аудан басшысы М.Мұхтаров таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тілеп, үлкен сенім білдірді.
Стыбаев Орал Зәмірбекұлы – 1985 жылы Шет ауданына қарасты Ақсу – Аюлы ауылының Қайрақты бөлімшесінде дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2007 жылы Қарағанды Болашақ университетін «Заңтану» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Алғашқы еңбек жолын 2004 жылы «Шет энерго» ЖШС –де электро –монтер болып бастап, 2005 – 2006 жылдар аралығында ауданның ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы, 2008 -2010 жылдары аудан әкімі аппараты ұйымдастыру кадр бөлімінің бас маманы, 2010 - 2013 жылдары аудан әкімі аппараты ұйымдастыру кадр бөлімінің меңгерушісі, 2013-2016 жылдары аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы қызметтерінде болған. 2016 жылдан бүгінгі жаңа тағайындауға дейін аудан әкімі аппаратының жетекшісі лауазымын атқарып келді.