
Ауданымызға қарасты Ортау ауылдық округінің әкімі болып 37 жастағы Куанышбеков Досан Талғатұлы тағайындалды. Жаңа әкімді аудан әкімінің орынбасары Д.Кәрсембаев арнайы құттықтап, алдағы атқарар жұмысына сәттілік тілеп қайтты.
Куанышбеков Досан Талғатұлы - 1986 жылы Қарағанды облысы Шет ауданы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 2012 жылы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген. Бірнеше жылдар «Шет ауданы С.Сейфуллин кентінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-де оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.