ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар!
2015 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеу және кепілдендірілген көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» №320 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, 2023 жылдан бастап кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы монетизациялау туралы шешім қабылданды.
Қабылданған шешімге сәйкес, монетизация атаулы әлеуметтік көмек алатын әрбір балаға ай сайынғы негізде 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша ақшалай төлем түрінде жүзеге асырылады. Бұл ата-аналарға балалардың жеке қажеттіліктеріне байланысты қажетті тауарларды өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді.