Қарағанды облысы Шет ауданы Шет ауылдық округі Үңірек ауылының кіреберісіндегі «Керегежайған» шоқысына «Ер Сазанбай батыр» ескерткішін орнатуға жобалық ұсыныстарды іріктеу бойынша ашық конкурстың Ережесі

Қарағанды облысы Шет ауданы Шет ауылдық округі Үңірек ауылының кіреберісіндегі  «Керегежайған» шоқысына  «Ер Сазанбай батыр» ескерткішін орнатуға   жобалық ұсыныстарды іріктеу бойынша ашық конкурстың Ережесі

Қарағанды облысы Шет ауданы Шет ауылдық округі Үңірек ауылының кіреберісіндегі  «Керегежайған» шоқысына  «Ер Сазанбай батыр» ескерткішін орнатуға   жобалық ұсыныстарды іріктеу бойынша ашық конкурстың

Ережесі

 

         Конкурсты Қарағанды облысының Шет ауданының әкімдігі өткізеді. Тікелей жобалық ұсыныстарды іріктеуді конкурстық комиссия жүзеге асырады. Конкурстық комиссияның жұмыс мерзімі - Шет ауданы әкімінің өкімімен бекітілген күннен бастап 2023 жылдың 15 ақпан, сағат 14.00-ге дейін.

Конкурстың мақсаты – Ел үшін ерен ерлік жасап, елге еңбегі сіңген   тегеуірінді тұлғалардың бірі, Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманының хас батыры Сазанбай батырға арналған ескерткіштің  көркемдік-мүсіндік шешімін анықтау.

         Конкурсқа ұсынылған жобалар ансамбльдік үйлесімді шешіммен қорытындыланған жоғары идеялық және сәулеттік-көркемдік деңгейде орындалуы тиіс.

  1. Конкурстың бағдарламасы

Ескерткіштердің жобасын іріктеу талаптары:

  • жоғары көркемдік деңгей, эстетикалық мәнерлілік, идеялық мазмұндылық, көркемдік тұтастық пен ерекше бітімде болуы;
  • ескерткіш алыстан көз тартып, жергілікті кең көріністің (панорама) өзекті композициясына айналуы керек;
  1. Конкурстық жоба ұсыныстарының құрамы және ұсынылатын материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар

 

     Конкурстық материалдар құрамында ұсынылатын құжаттар:

  1. Орналастыру сызбасы М 1:500
  2. Бас жоспар М 1:50
  3. Ескерткіштің макеті М 1:10
  4. Ескерткіштің қасбеті М 1:10
  5. Ескерткіштің айналасындағы аумақты абаттандыру.
  6. Ескерткіштің көркемдік шешімі мен кеңістікті ұйымдастырудың негізгі идеясы мен принциптерін баяндай отырып, №14 өлшемді «ТimesNewRoman» шрифтімен бірінші жоларалығымен басылған 2-беттен аспайтын мәтіннен тұратын, 2 дана қысқаша түсініктеме жазба.

     Ахуалдық сызба, бас жоспар, ескерткіштің қасбеті, бюсттің айналасындағы аумақты абаттандыру 60х90 см планшеттерде және А3 форматындағы альбомда ұсынылады.Графикалық орындау әдісі – макеттің түсі, техникасы, материалы және мүсін - автордың өз қалауы бойынша  орындалады.

  1. Конкурстың шарттары
  2. Конкурсқа қатысуға Астана, Алматы, Қарағанды қалаларының көркемдік-өндірістік шеберханалары, Қазақстан Республикасы басқа қалалардың заңды және жеке тұлғалары қатыса алады.

2.Конкурсқа қатысушылар бейнені толық ашу үшін Ер Сазанбайдың батырлық өмірі мен ескерткіштің ауқымдық құрылымын және физикалық өлшемдерінің сәйкестігін анықтау мақсатында ескерткіш орнатылатын жерімен танысуы керек.

         Ер Сазанбай Жетесұлына арналған ескерткіш Шет ауылдық округі Үңірек ауылының кіреберісіндегі  «Керегежайған» шоқысына орналастырылады.

  1. Әр қатысушыға келесі қажетті материалдар беріледі:

- Ескерткіштің жоспарланған орнын көрсететін ахуалдық жоспардың фрагменті    /фрагмент ситуационного плана М 1:2000 с указанием планируемогоместа размещения памятника/ ;

      - Бас жоспар сызбасының көшірмесі М 1:500 – (фрагмент);

      -Қарағанды облысы Шет ауданы Шет ауылдық округі Үңірек ауылының кіреберісіндегі  «Керегежайған» шоқысына  «Ер Сазанбай батыр ескерткішін» орнатуға жобалық ұсыныстарды іріктеу жөніндегі ашық конкурс Ережесінің көшірмесі

  1. Ескерткіш материалы –жасанды гранит.

5.Авторлар конкурс материалдарын Қарағанды облысы «Шет ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-не2023 жылдың 10 ақпан күні сағат 18.00 дейін табыс етуі тиіс.

  1. Конкурс жобалары алты таңбалы сандармен белгіленген ұранмен ұсынылады. Ұран байқауға ұсынылған жоба материалдарының, сондай-ақ ұран конвертінің оң жақ бұрышына жазылады (биіктігі 1 см). Жобаға қосымша желімделген ұрандық конвертте автордың аты-жөні, тегі көрсетілген ақпараттық парақ тіркеледі. Конкурс шарттары сақталмаған жобалар байқауға жіберілмейді және комиссияда қаралмайды.
  2. Бағдарлама және байқау шарттары бойынша мына мекен-жайға хабарласыңыздар:101700, Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Жанғұтты би көшесі 39 үй, "Шет ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ, тел. 8(71031)21880, 22236, Е-mail: kultotdel_shetsk@mail.ru тегін алуға болады.

Конкурсқа қатысу туралы конкурстық тапсырыс, желімделген конвертте 101700, Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Жанғұтты би көшесі 39 үй, "Шет ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемеcіне тапсырылады (жіберіледі).

Конкурстық тапсырыстың конверттерін ашу 2023 жылдың 13 ақпансағ. 11.00-де Қарағанды облысы, Шет ауданы, Шортанбай жырау көшесі, 24үй, "Шет ауданы әкімінің аппараты" ММ-нің мәжіліс залында өткізіледі.

Ұсыныс берушілер конкурстық тапсырыстар бар конверттерді ашу кезінде қатысуларына болады.

Комиссия қорытындысы бойынша   I және II орын алған эскиздік жобалар   Республикалық комиссияға ұсынылады