
Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат отырысы өтті. Аталмыш отырысқа ауданның сала бөлім басшылары аудан әкімдігінің мәжіліс залына арнайы келіп қатысса, ал, ауыл, кент әкімдері ZOOM қосымшасы арқылы қатысты. Отырыс барысында аудан әкімі алдымен ауданымыздағы кезекті аппараттық кеңестің күн тәртібіне қойылған мәселелер туралы сала басшылары баяндамалар жасап, шешу жолдары талқыға салынды. Сонымен қатар, аудан басшысы ағымдағы жылу беру маусымының өту барысы мен отқазандықтарды жүйелі түрде тексеру жұмыстарын қолға алуды тапсырды.