Қарағанды облысы әкімінің гранты

Қарағанды облысы әкімінің гранты

Бүгін аудан әкімшілігінің ғимаратында мекеме басшыларының қатысуымен Қарағанды облысы әкімінің грантын ұтқан жастарды марапаттау рәсімі жүргізілді. Атап айтқанда Ақой ауылдық округінің тұрғыны Дәулет Ақерке мен Ақжал кентінің тұрғыны Дархан Елубаевқа аудан әкімінің орынбасары Д.Кәрсембаев салтанатты түрде 2 000 000 млн теңгенің сертификатын табыстады. Салтанатты жиынға қатысып отырған жастарда өз кезегінде мекеме басшыларына үлкен рахметін айтып, жүрекжарды алғыстарын білдірді.