Жаңа жылдық шыршаның ашылу рәсімі өтті

Жаңа жылдық шыршаның ашылу рәсімі өтті

Кеше аудан орталығындағы мәдениет үйі алаңында Жаңа жылдық шыршаның ашылу рәсімі болып өтті. Салтанатты жиынға аудан әкімі М.Мұхтаров бастаған әкімдік өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты. Алдымен Аяз ата мен Ақша қар бастаған жыл кейіпкерлері шығып әуелеген әсем әндермен жаңа жыл шыршасының шырағын жақты. Осыдан кейін аудандық мәслихат хатшысы С.Социал жиылған қауымды келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.Шырайлы шара аудандық мәдени - сауық орталығының өнерпаздары дайындаған мерекелік концертке ұласып, жаңа жылдық от шашумен аяқталды.