
Бүгін аудандық мәдениет үйінде жыл қорытындысы бойынша салтанатты жиын өтті. Жиын барысында аудан әкімі М.Мұхтаров барыс жылы аудан көлемінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, бірқатар азаматтарға түрлі деңгейдегі марапаттарды табыстады. Оның ішінде аудан әкімі мен аудандық мәслихат хатшысы С.Социал өлкеміздің әлеуметтік – экономикалық дамуына өз үлестерін қосқан кеңес одағы кезінде еңбек ері төсбелгісімен марапатталған сала ардагерлері Ш. Бөлтекей, Ш.Әлқожаұлы, Н.Смағұлов, Т.Ордабаевтарға аудандық мәслихат шешіміне сәйкес Шет ауданының Құрметті азаматы атағын салтанатты түрде табыстады. Осыдан кейін, аудан әкімінің орынбасары Р.Рысқалиұлы ауданның жер қатынастары және сәулет қала құрылыстары бөлімінің маманы С.Сегизбаев пен Ақсу – Аюлы желілік техникалық учаскесінің бастығы К.Қасымбекке аудан әкімінің «Құрмет» грамотасы, ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Г.Ахметоваға аудан әкімінің бағалы сыйлығы мен «Алғыс хатын», сондай – ақ, әр салада жемісті еңбек атқарып жүрген сала мамандарына түрлі номинацияларды табыс етті. Атап айтқанда, «Үздік мемлекеттік қызметкер» - Өспен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы М.Аханова, «Үздік құқық қорғау саласының қызметкері» -М.Мусина, «Үздік денсаулық сақтау саласының маманы» К.Аяфова, «Үздік қаржыгер» А.Садықова, «Үздік кәсіпкер» - Г.Анықбаева, «Үздік әлеуметтік сала маманы» - Ә.Биғарашова, «Үздік коммуналдық және байланыс саласының маманы» - Ұ.Қасымов және «Үздік архивші» номинацияларына А.Бопановалар ие болды. Марапаттау рәсімінен кейін, шырайлы шара Қарағанды қаласындағы Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің жанынан құрылған «Арай» ансамблінің концерттік бағдарламасына ұласты.