
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі М.Мұхтаров өлкеміздің спортшыларымен кездесу өткізді. Кездесуге ауданымыздың атын сырт жерлерге танытып жүрген саңлақ спортшылар мен жаттықтырушылар арнайы шақырылып қатысты. Кездесу барысында аудан әкімі биылғы спорт саласындағы айтулы жетістіктерге тоқталып, ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С,Ахмедия жыл қорытындысымен спорт саласында атқарылған жұмыстарды саралап өтті. Осыдан кейін, аудан әкімі биылғы жылы әлем, азия, республика деңгейінде жеңімпаз атанған спортшыларды марапаттап, аудан әкімінің қаржылай сертификаттарын табыстады. Нақтырақ айтқанда, қазақ күресінен Әлем чемпионы А.Дәртаев, тоғызқұмалақтан Әлем чемпионатының қола жүлдегерлері ағайынды Асылхан мен Аңсаған Қожанәсіптер, самбодан Әлем және Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері А.Каргулов, Ислам ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегері Л.Ковальчук, пауэрлифтингтен жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері А.Зейнедилов, джиу – джитсудан өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы А.Усембеков, Абу-Даби қаласында джиу – джитсудан өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы М.Ковальчук, асық атудан өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері Б.Айсұлтан, ұлттық спорт түрі асық атудан спорт шеберлері және облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпаздары Н.Какенов пен К.Дәулет, аудан көкпаршылар құрама командасы мүшелері М.Төлеген, М.Ақышбеков, Ә.Баданов, А.Советов, Д.Есмахаев, Н.Кәріғұлов,Ф.Советов,Ж.Нүкіш аудан әкімінің қаржылай сертификаттарына ие болды. Сондай – ақ, салтанатты жиында аудан көкпаршыларына толық жинақтағы ер тоқым жабдықтары табыс етілді. Өз кезегінде спортшылар қауымы да жылы лебіздерін жеткізіп, арнайы құрметтеп жатқан аудан әкімдігіне алғыстарын білдірді.