Аудан басшысы мен аналар кездесуі

Аудан басшысы мен аналар кездесуі

Кеше аудан әкімі М.Мұхтаров аудан әкімдігінің күрделі жөндеуден өткен жаңа мәжіліс залында шежірелі өлкемізде әр салада жемісті еңбек етіп, бүгінде зейнеткерлік демалыстағы аналармен арнайы кездесу өткізді. Кездесу барысында аудан басшысы биылғы жылы аудан аумағында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Емін – еркін ашық әңгімелесу форматында өткен кездесуде аналары қауымы да әлеуметтік маңызы бар және қоғамда орын алып отырған кейбір түйткілді мәселелерді ортаға салды. Шара соңында өздерін елеп – ескеріп, арнайы шақырып құрметін көрсетіп жатқан аудан басшысына ақ жаулықты аналар жүрекжарды алғыстарын жеткізді.