МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ!

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ!
Бүгін ауданның мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл: мәртебесі және қолданылу аясы» тақырыбында семинар өтті. Аудандық мәдени – сауық орталығының көрермендер залында өткен шараға тіл саласының мамандары мен жанашырлары, жергілікті ауыл, кент әкімдері мен мемлекеттік қызметшілер арнайы шақырылып, қатысты. Аталмыш шараны аудан әкімінің орынбасары Р.Рысқалиұлы ашып жүргізіп, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қауымдастырылған профессоры, ҚР Журналистер Одағының мүшесі - Болат Кенелұлы Сыздық «Мен.Тіл. Мемлекет», Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі- Тоқатов Руслан Алтайұлы «Азаматтық заң саласы қатынастарын құқықтық реттейтін нормаларды қазақ тілінде қалыптастырудағы заң техника ережелерінің сақталу кемшіліктері»,Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының директоры, педагогика ғылымдарының магистры, ересектерге тіл үйретуде бірнеше оқу құралдарының, ірі тележобалардың авторы Алмагүл Ақмашқызына Игенова «Әлеуметтік желілерде қазақ тілді контентті дамыту мәселелері», Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тілдерді дамыту мен үйлестіру жұмысы бөлімінің басшысы Қалиева Айнұр Болатбекқызы «Тіл және жарнама» туралы заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар. Көрнекі ақпарат пен жарнама тілін ретке келтіру шаралары» тақырыптарында баяндамалар жасап, маңызды ақпараттармен бөлісті. Шара барысында аудандық «Ұлағат» қазақ тілі қоғамдық бірлестігінің төрағасы Е.Жәнібеков өз пікірін білдіріп, шараны ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.