ОБЛЫС ӘКІМІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ!

ОБЛЫС ӘКІМІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ!

Кеше ауданымызға облыс әкімі Бөлекпаев Ермағанбет Қабдулаұлы арнайы іс – сапармен болып қайтты. Сапар барысында аймақ басшысы алдымен ресупбликалық «Алматы – Екатеринбург» тас жолының «Қарағанды – Балқаш» учаскесіне жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмысының жауапты басшылықтарымен жүздесті. Ақсу – Аюлы ауылының маңында орналасқан «СинеМидасСтрой» ЖШС –і базасында өткен кездесуге жол құрылысына жауапты мердігер компанияларының және республикалық, облыстық басқарма басшылары қатысып, облыс әкімі жол сапасы, қаржының толық өтелуі, жұмысшылардың жағдайы туралы маңызды мәселелерді талқылады. Осыдан кейін аудан орталығындағы біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі бөліміне барды. Биылғы жылы аталмыш мекеме ғимаратына облыстық қаржы есебінен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 1 қабатына әскерге шақырушылардың медициналық тексерістен өтуіне арналған бөлмелер дайындалған болатын. Келесі кекзекте аймақ басшысы ауданымызға қарасты Ақадыр кентінде болып, айтулы елді мекенде «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы салынып жатқан екі 12 пәтерлі тұрғын үй құрылысын және кенттегі аурухана ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Сондай – ақ, кент ішіндегі Ә.Ермеков атындағы мектептің қасбетін жаңарту және жапсарлас спорт зал мен асхана құрылыстарын аралап, жауапты басшылыққа бірқатар тапсырмалар берді. облыс әкімі кенттегі мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Аталмыш шарада аудан әкімі М.Мұхтаров биылғы жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Емін – еркін сұрақ – жауап алмасу форматында өткен кездесу барысында аудан тұрғындары электр жүйесі, ауыз су, газ бағалары және учаскелік полиция инспекторларының жетіспеушілігі сынды бірқатар әлеуметтік мәселелерді алға тартты. Өз кезегінде аймақ басшысы әрбір тұрғынның сауалына назар аударып, жұмыс жоспарына алынатынын жеткізді. Сонымен қатар, кездесу соңында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.