
Тәуелсіздік күні қарсаңында аудан әкімі М.Мұхтаров “Желтоқсан оқиғасына” қатысқан ауданымыздағы ұлағатты ұстаз Г.Кәдікенқызын арнайы қабылдап, мәртебелі мерекемен құттықтап, сыйлықтарын табыстады. Аудан басшысы ел егемендігі жолында қажыр – қайраты мен елжандылық ұстанымын танытқан желтоқсаншы ұстазға жүрекжарды жылы лебізі мен алғысын білідіріп, мұндай кездесулерді білім ордалары мен мәдениет ошақтарында да ұйымдастыру қажет екендігін атап өтті. Сондай - ақ, Г.Кәдікенқызы өз кезегінде елеп ескеріп, құрметін көрсетіп жатқан аудан басшысына алғысын білдіріп, оқиға жайында естеліктерімен бөлісті.