
Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров пен аудандық мәслихат хатшысы С.Социал өлкемізден шыққан белгілі жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР мәдениет қайраткері К.Жүністегінің шаңырағына арнайы барып, қарымды қаламгерді тәуелсіздік күнімен құттықтады. Аудан басшысы егемендікті алу жолында ерен еңбегімен үлесін қосқан жазушыға жүрекжарды жылы лебізін білдіріп, деніне саулық, отбасына амандық тіледі. Өз кезегінде мәртебелі мереке күні арнайы ат басын бұрып, шынайы ықыластарын танытқан жергілікті билік өкілдеріне қарт қаламгерде жүрекжарды алғысын жеткізіп, ақ батасын берді.