ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ 80 ЖАСТА!

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ 80 ЖАСТА!

Кеше тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аудан орталығындағы іргелі білім ордасы Ы.Алтынсарин атындағы мектепте “Ұстаздық қызмет - ұлы құрмет” атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Аталмыш шараға аудан әкімінің орынбасары Р.Рысқалиұлы қатысып, мәртебелі мереке қарсаңында 80 жасқа толып отырған ауданымыздағы білім саласының ардагері, зейнеткер М.Қарашолаққызын мерейтойымен құттықтап, аудан әкімінің «Құттықтау хаты» мен естелік сыйлығын салтанатты түрде табыстады. Сондай – ақ, айтулы шарада мектеп ұжымы ұлғатты ұстаздың еселі еңбек жолдарына тоқталып, жылы лебіздері мен шынайы ықыластарын жеткізді.