Құрметті жерлестер! Қадірменді достар! Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті жерлестер! Қадірменді достар! Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік күні – бар ғұмырын бостандық үшін күреске арнаған боздақтардың жанкешті еңбегі мен ерен ерлігін еске алатын қастерлі мереке. Тұғыры – тыныштық, тірегі – тұрақтылық, тілегі – татулыққа негізделген Қазақ елін бүгінде әлем бейбітшілік бесігі деп мойындайды. Бұл күні біз азаттық жолында басын бәйгеге тігіп, тар жол тайғақ кешкен замандарды бастан кешірген ата – бабаларымыз бен аға – апаларымыздың рухына тағзым жасап, құрметімізді көрсетеміз. Осы орайда аудан жұртшылығын тұғырлы Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, еліміздің кемел келешегін нығайту жолындағы еңбектеріңізге табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі мәңгі баянды болсын!