АУДАН ӘКІМІ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров Қарағанды облысының бас имамы Е.Әбдіғалиды қабылдап бірқатар маңызды мәселерлерді талқылады. Кездесуде аудандағы діни ахуал талқыланды. Атап айтқанда, имамдарды әлеуметтік және материалдық тұрғыдан қолдау сынды мәселелер сөз болды.
Алдағы уақытта аудан әкімшілігі тарапынан имамдарға қолдау болатынын сөз еткен аудан әкімі ел игілігі үшін бірлікте қызмет атқаруға шақырды.
Кездесу соңында облыстың бас имамы еліміздегі діни басқарманың қолдауымен шыққан “Ихсан рухани тәрбие негізі” атты кітапты сыйға тартса, өз кезегінде аудан басшысы да айтулы дін өкіліне өлкеміздің шежірелі орындарынан сыр шертетін белгілі жазушы Кәмел Жүністегінің “Тасқа тұнған құпия” атты кітабын ұсынды.