
Ағымдағы жылдың 13 желтоқсан күні елордамыз Астана қаласында ұлттық спорт түрі қазақ күресінен Әлем чемпионаты өткен болатын. Әлемнің әр түкпірінен білекті де жүректі балуандар бас қосқан байрақты бәсекеде жерлесіміз Дәртаев Айдын Батырланұлы қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, алтыннан алқа тақты. Осы орайда, қазақ күресінен жауырыны жерге тимеген жампоз балуандардың мекенінен қанат қаққан спортшымызды барша аудан халқы атынан жаңа жетістігімен құттықтап, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!