АРХИВ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ!

АРХИВ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ!

Осыдан екі жыл бұрын Мемлекет басшысының Қаулысымен 22-ші желтоқсан – архив қызметкерлерінің күні болып бекітілген болатын. Бүгін аталмыш мерекеге орай, аудан әкімі М.Мұхтаров ауданымыздың архив қызметкерлерін келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтап, аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады. Сондай-ақ, Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Е.Мекежанұлы мен Қарағанды қалалық мемлекеттік архив мекемесінің басшысы М.Амантайұлы сөз сөйлеп, Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Құрмет грамотасымен» және «Алғыс хатымен» марапаттады. Сонымен қатар, «Шет ауданының мемлекеттік архивінің» ұйымдастырған «Архив құжаттарындағы өлке тарихы» атты эссе байқауына белсене қатсықан оқушыларға алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.