Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2022 жылғы 30 қарашадағы бұйрығымен Жапаров Мереке Сағынайұлы Шет ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы болып тағайындалды.
Жапаров Мереке Сағынайұлы 1985 жылы 30 сәуірде Қарағанды облысы Осакаров ауданында дүниеге келген. 2007 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, 2010 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, 2016 жылы Ресей ТЖМ Санкт-Петербург мемлекеттік өртке қарсы қызмет университетін тәмәмдаған. Азаматтық қорғау органдарында 2013 жылдың наурыз айынан бастап жұмыс істейді. Қызметін өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасының аға инженерінен бастап, әр жылдары штаб, мемлекеттік өрт бақылау, ТЖ жою, талдау бөлімшелерінде жұмыс істеді. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін 2022 жылдың қыркүйек айынан Қарқаралы ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы болып қызмет істеді.
Осы уақытқа дейін ауданның ТЖ бөлімінің бастығы міндетін атқарған Арыстанбеков Бауыржан Қарағанды облысы ТЖД-нің 2022 жылғы 30 қарашадағы бұйрығымен Балқаш қаласының ТЖ басқармасының бастығы болып тағайындалды. Осыған орай аудан әкімі М.Мұхтаров және аудандық Мәслихат хатшысы С.Социал Б.Арыстанбековке жаңа жұмыс орынында толағай табыстар тілеп, ауданымыздағы төтенше жағдайлар қызметі саласының дамуына қосқан үлесі үшін алғыстарын білдірді