
Жуырда Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан Әлем чемпионаты өткен болатын. Аталмыш байрақты бәсекеде жерлестеріміз Красная Поляна ауылының тумасы 10 жасар Ковальчук Милана мен Ақадыр кентінің тумасы 8 жасар Алдияр Азаматұлы өз қарсыластарынан оқ бойы озық танылып, Әлем чемпионы атанды.Осы орайда,киелі өлкемізде дүниеге келіп, еліміздің атын әлемдік додаларда шығарып жүрген қос балғын спортшымызды жеңістерімен құттықтап,алар асулары биік болсын деп тілейміз.