ҮЗДІК СПОРТ НҰСҚАУШЫСЫ АТАНДЫ

ҮЗДІК СПОРТ НҰСҚАУШЫСЫ АТАНДЫ

Жуырда 1-2 желтоқсан күндері аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министірі Абаев Даурен Әскербекұлының қатысуымен Ауыл ауласынан Олимпиада тұғырына форумы өтті. Форумда ауыл спорты оның ішінде спорт нұсқаушылардың жұмысы туралы талқыланып, әр облыстың үздік спорт нұсқаушылары марапатталды. Қарағанды облысындағы 338 спорт нұсқаушының ішінен ең үздігі болып біздің ауданымыздың мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің спорт нұсқаушысы Советов Фархат Советұлы атанды.Осы орайда жерлесімізді жетістігімен құттықтап,биік белестерді бағындыруына тілектеспін.