АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ!

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ!
Бүгін еліміздегі ауыл шаруашылығы күні мерекесіне орай, аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара өтті. Аталмыш шарада аудан әкімі М.Мұхтаров барша сала мамандарын мерекелерімен құттықтап, бір топ азаматтарға түрлі деңгейдегі марапаттар табыстады.
✅ Нақтырақ айтқанда Қарағанды облысы әкімінің «Алғыс хатымен» «Дидар» шаруа қожалығының жетекшісі Д. Еменов және «Үздік жылқышы» номинациясымен – Е.Қуандықов, « Мал шаруашылық үздігі » номинациясымен – Қ.Хантурин, «Үздік диқан» номинациясымен - С.Юрий « Үздік картоп өңдіруші » номинациясымен – А.Бакус марапатталды. Сондай-ақ, жуырда ғана облыс әкімінің қолдауымен ауданның ветеринария қызметіне берілген 3 автокөлікті Шет аудандық ветстанция мен Ақадыр, С.Сейфуллин кенттік ветеринария мекемелеріне салтанатты жағдайда табыстады.
✅Жиын барысында аудандық мәслихат хатшысы С.Социал, аудан әкімінің орынбасары М.Жумкин, ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Б.Арыстанбеков, «Аманат» партиясы Шет аудандық филиалының атқарушы хатшысы Б.Баданов, аудандық Фермерлер Одағы ұйымының төрғасы М.Касимбеков ұзақ жылдар бойы аудандағы ауылшаруашылық саласында жемісті еңбек етіп келе жатқан бір топ сала мамандары мен шаруа қожалық иелеріне ауылшаруашылық министрлігі мен облыстық ауылшаруашылығы басқармасының сондай – ақ, облыс, аудан әкімдері мен «Аманат» партиясының «Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын табыс етті. Сонымен қатар, шара барысында аудандық мәдени – сауық орталығы мен С.Мұхамеджанов атындағы өнер мектебі өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарласы көпшілік назарына ұсынылды.