Кеше аудан орталығы Ақсу – Аюлы ауылдық округінің әкімі жергілікті тұрғындар алдында ІІІ тоқсан бойы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттері туралы есептік кездесуін өткізді.
Маңызды жиынға аудан әкімі М.Мұхтаров, аудан прокуроры Е.Жаппар, аудандық мәслихат хатшысы Е.Социал мен сала бөлім басшылары қатысты.
Кездесу барысында өткен жылы ауыл игілігіне ауқымды істердің атқарылғандығы көрінді. Сонымен қатар, аудан прокуроры “Заң керуені” акцияның маңызы мен мақсаты жайында тұрғындарға керек мағлұмат беріп өтті.
Сондай ақ, жергілікті тұрғындар тарапынан ауылдың көше жарық шамдарын, ит аулап, жою сынды тағыда басқа мәселелерді шешуді өтінді.
Аталмыш сұрақтарға аудан басшысы жауап беріп және келер жылы аудан орталығына атқарылатын бірқатар жұмыстарға тоқталып өтті. Айта кетсек, қазіргі таңда денешынықтыру - сауықтыру кешенінің және жаңа ықшам аудан инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым мен кәріз жүйесі құрылысының
жобалау - сметалық құжаттары дайындалуда. Сондай - ақ, 24 пәтерлі тұрғын үй құрылысын салу бойынша бюджеттік сұраныс жасалып, ауыл ішілік көше жолдарын «СП» Сине Мидас Строй» ЖШС-мен келісімшарт жасасу арқылы асфальт төсеу жоспарлануда.