
Жуырда аудан әкімі М.Мұхтаров ауданымызға қарасты Ақадыр кентінде жергілікті кәсіпкерлер ассоциациясы мүшелерімен кездесу өткізді. Айтулы жиынға аудан прокуроры Е.Жаппар, ауданның мекеме, бөлім басшылары, ассоциясы төрағасы бастаған мүшелері қатысты. Күн тәртібінде «Ақадыр кентінде атқарылып жатқан және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар» мәселесі қойылып, бұл бойынша аудан әкімі белгіленген іс – шара бойынша атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті. Сонымен бірге, кент көшелеріне асфальт төсеу денешынықтыру – сауықтыру кешенін салу сынды көптеген ауқымды мәселелер көтерілді. Аудан басшысы кенттегі ересектерге арналған денешынықтыру - сауықтыру кешенің жобалау – сметалық құжаттарын дайындауға конкурс жарияланғандығын, кент көшелерін асфальттау және өзге де айшықты істер жоспарда тұрғандығын жеткізді. Сондай – ақ, аудан басшысы өзге де сұрақтар бойынша тиісті жауаптарын беріп, барлық мәселелердің шешімін табуы жеке бақылауында болатынын айтып өтті.