Тағылы ауылдық округінің Жұмыскер ауылында жергілікті «АлиТан" жеке кәсіпкерінің бастамасымен жаңа наубайхана іске қосылды.

Тағылы ауылдық округінің Жұмыскер ауылында жергілікті «АлиТан" жеке кәсіпкерінің  бастамасымен жаңа наубайхана іске қосылды.
Жуырда ауданымызға қарасты Тағылы ауылдық округінің Жұмыскер ауылында жергілікті «АлиТан" жеке кәсіпкерінің бастамасымен жаңа наубайхана іске қосылды.
Кәсіп иесі Жұмашев Төлеутай Рымқұлұлы ауылға наубайхана ашу ісін осыдан біраз уақыт бұрын ойластырып, өз қаражатына бірқатар қажетті құрылғыларды сатып алған. Алайда, наубайхананы толықтай іске қосуға аудан әкімінің шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі 600 мың теңге гранты көмек болған. Қазіргі уақытта жаңа кәсіп нысаны Жұмыскер ауылынан бөлек, маңайындағы Төменгі Қайрақты, Қарасаз, Қызылту елді мекендерін және аудан орталығындағы бірқатар сауда нүктелерін күнделікті жаңа пісірілген нанмен қамтамасыз етіп отыр. Наубайханада әзірге 2 ауыл тұрғыны тұрақты жұмысқа алынған. Ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Себебі, осыған дейін нан бағасы сырттан келетін болғандықтан 160 теңгені құраған. Бүгінгі таңда айтулы наубайхана наны – 95 теңгеден сатылуда.