АҚАДЫР КЕНТІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ!

АҚАДЫР КЕНТІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ!
Кеше ауданымызға қарасты Ақадыр кенті әкімінің 2022 жылдың ІІІ тоқсанындағы атқарылған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы жергілікті тұрғындар алдындағы есеп беру жиналысы өтті. Аталмыш шараға аудан әкімі М.Мұхтаров бастаған әкімдік өкілдері, аудан прокуроры Е.Жаппар, аудандық мәслихат хатшысы С.Социал және ауданның сала бөлім басшылары мен жергілікті тұрғындар қатысты. Жиын барысында кездесу кент тұрғындарымен сұрақ- жауап форматында өтті. Сондай-ақ есеп беру кездесулермен қатар “Заң керуені” акциясы аясында аудан прокуроры да тұрғындарға маңызды мәліметтер беріп отырды.
Кездесулерде аталмыш акцияның мақсаты жергілікті жерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету , өңірдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту екендігіне тоқталып өтті.
Сонымен қатар, аудан басшысы Ақадыр кентіне биылғы жылы атқарылатын айшықты істерді халыққа жеткізді. Оның айтуынша биыл аталмыш кентке облыс басшылығының қолдауымен және аудандық бюджет қаражаты арқылы ел игілігіне арналған жоспарлы жұмыстарға қомақты қаржы бөлінбек. Солардың бірі жуырда кенттегі денешынықтыру - сауықтыру кешені құрылысының жобалау - сметалық құжаттарына конкурс жарияланған екен. Сондай - ақ, кентішілік жолдарды толығымен жөндеу және көп қабатты үйлердің қасбетін жаңарту қолға алынбақ. Ал, тұрғындар тарапынан жол жүру белгілері, тұрғын үй мәселелері, кентте жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары және тағы да басқа жеке мәселелер көтерілді. Барлық көтерілген мәселелердің жауабы беріліп, алдағы жұмыс жоспарына алынды. Кездесу соңында ауыл тұрғындарын жеке қабылдап, түскен ұсыныс-пікірлерге заң аясында шешу жолдарын түсіндірді.