МОЙЫНТЫ КЕНТІ ЖӘНЕ КИІКТІ, БОСАҒА АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНІҢ ӘКІМДЕРІ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРІН ӨТКІЗДІ

МОЙЫНТЫ КЕНТІ ЖӘНЕ КИІКТІ, БОСАҒА АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНІҢ ӘКІМДЕРІ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРІН ӨТКІЗДІ

Бүгін 2022 жылдың ІІІ тоқсанында атқарған жұмыстары және алда тұрған жоспарлары туралы тұрғындар алдында есеп беру кездесуін өткізді. Аталмыш кездесуге аудан әкімі М.Мұхтаров бастаған аудандық әкімдік өкілдері, аудан прокуроры Е.Жаппар және ауданның сала бөлім басшылары қатысты.
Кездесу барысында Мойынты кенті мен Киікті және Босаға ауылдық округтерінің әкімдері баяндама жасап, алда атқарылатын жұмыстармен таныстырды.
Сондай-ақ, есеп беру кездесулермен қатар “Заң керуені” акциясы өтуде. Осыған орай, аудан прокуроры аталмыш акцияның мақсатын тұрғындарға түсіндіріп, маңызын айта кетті.
Киікті ауылының тұрғындары тоқ желісінің тұрақтылығы қадағаланса, жол жөнделсе, полигон салынса деген өтініштерін көтерсе, Босаға ауылының тұрғындары таза ауыз су, мәдениет үйін күрделі жөндеу, ал, Мойынты кенті жұртшылығы жол жөнделсе деген өтінштерін алға тартты.
Айта кетейік, бүгінгі таңда облыс әкімінің қолдауымен Мойынты кентіндегі облыстық маңыздағы жолды жөндеуге қаржы бөліну жоспарлануда.Сондай - ақ, Босаға ауылындағы мәдениет үйі "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында қолдау тапқан жағдайда жөндеу жұмыстары жүргізілмек бой көтермек. Бұлардан бөлек, аудан басшысы Босаға ауылындағы таза ауыз су мәселесін шешу бойынша да сараптама жұмыстарын жасауға да аудандық деңгейде қаражат бөлінетінін жеткізді.
Кездесу соңында тұрғындар жеке мәселелері бойынша аудан басшысы мен аудан прокурорының қабылдауында болып, заң аясында жауаптарын ала алды.