ОРТАУ, К.МЫҢБАЕВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНІҢ ӘКІМДЕРІ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАРМЕН ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ.

ОРТАУ, К.МЫҢБАЕВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНІҢ ӘКІМДЕРІ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАРМЕН ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ.

Аталмыш кездесулерге аудан әкімінің орынбасары Д.Кәрсембаев, аудан прокуроры Е.Жаппар, аудандық мәслихат хатшысы С.Социал және бөлім басшылары арнайы қатысты.
Округ әкімдерінің елді мекен тұрғындарымен кездесуі сұрақ- жауап форматында өтті. Сондай-ақ есеп беру кездесулермен қатар “Заң керуені” акциясы аясында аудан прокуроры да тұрғындарға маңызды мәліметтер беріп отырды. Кездесулерде аталмыш акцияның мақсаты жергілікті жерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету , өңірдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту екендігіне тоқталып өтті.
Бүгінде аталмыш ауылдарда ел игілігіне бірқатар маңызды жұмыстар атқарылып, көп жылдардан бері күн тәртібіндегі мәселелер біртіндеп шешімін тапқан. Кездесу барысында туып өскен өлкесінің гүлденуіне атсалысып, ортақ игі іске жұмыла көмектесіп жүрген елжанды азаматтардың да айшықты істері айтылып өтіп, тұрғындар барша ауқымды атқарылған жұмыстарға ақпейіл алғыстарын білдіріп, әлі де болса жолдарды жөндеу, ұялы байланыс пен сапалы интернет орнату секілді мәселелерді алға тартты.
Кездесу соңында жеке мәселері бойынша тұрғындар мәселелерінің бірқатарына аудан әкімінің орынбасары мен аудан прокуроры заңдылықтарға сәйкес жауап беріп, алдағы уақытта жұмыс жоспарына алынып, іс жүзінде іске асырылатынын жеткізді.